

ТУЫСҚАНДАР
Белгілі әдебиет зерттеушісі, сыншы-ғалым Қалдыбек СЕЙДАНОВтың «Туысқандар» (Қазақ-өзбек әдеби байланыстарының даму сипаттары жайлы монография) атты зерттеу еңбегі – бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Өзбек-қазақ әдеби байланыстарының тарихи тамырл...Batafsil o’qish
Kitob haqida
Белгілі әдебиет зерттеушісі, сыншы-ғалым Қалдыбек СЕЙДАНОВтың «Туысқандар» (Қазақ-өзбек әдеби байланыстарының даму сипаттары жайлы монография) атты зерттеу еңбегі – бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Өзбек-қазақ әдеби байланыстарының тарихи тамырлары» сөз болса, екінші бөлімінде «Кеңестік дәуірдегі әдеби-мәдени байланыстар» сыр шертеді. Сондай-ақ еңбектің үшінші бөлімі «Достық – жыр арқауы» деп аталса, төртінші бөлім: «Қазақ-өзбек достығының көркем прозадағы көрінісі», бесінші бөлім: «Тәуелсіздік таңы – достық нәрі» деп аталады. Бұл еңбек негізінен – оқулық ретінде, жоғарғы оқу орындары филология бөлімдерінің оқытушылары мен студенттеріне, магистранттар мен аспиранттарға, мектеп мұғалімдеріне, жалпы қазақ-өзбек халықтары достығы, ынтымақ-бірлігіне, әдеби-мәдени байланыстарына қызығатын оқырман жұртшылыққа арналған.